Педагогтерді жұмысқа қабылдау » Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты
Алматы облысы білім басқармасының
"Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика лицей-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302374
Есепші бөлімі:
+7(727) 302374
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
сентябрь
2024

Педагогтерді жұмысқа қабылдау

Педагогтерді жұмысқа қабылдау
Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған лицей-интернаты педагогті конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістермен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
🔷Мектептегі бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» және ​hr-nobd.еdu.kz ​​​сайты арқылы білуге болады;

🔷Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі;

🔷Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 107-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады:

♦️осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
♦️жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
♦️кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
♦️Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
♦️еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
♦️”Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
♦️психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
♦️наркологиялық ұйымнан анықтама;
♦️Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
♦️11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған.

📍Мекен-жайымыз:
Алматы қаласы, Ғабдуллин 45
Мекен жайымыз
Алматы қаласы, Бостандық ауданы., Ғабдуллин көшесі, 45

©2016-2022, Ресми сайт Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің "Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru