Мектеп тарихы/История школы » Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты
Алматы облысы білім басқармасының
"Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика лицей-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 302374
Есепші бөлімі:
+7(727) 302374
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
декабрь
2021

Мектеп тарихы/История школы

Алматы облыстық академик Шалтай Смағұлов атындағы лицей–интернат туралы мәлімет

Алматы қаласы М.Ғабдуллин  көшесінде орналасқан Алматы облыстық мектеп – интернаты 1961 жылы ауыл шаруашылығы   еңбеккерлерінің балаларын оқытып тәрбиелеу үшін ашылған.

   1991 жылдан бастап білім беруді ұйымдастыру ісіндегі жаңалықтар үрдісіне сәйкес 1992 жылы тамыз айында Алматы облысы әкімінің № 7-284 шешіміне, Алматы облыстық білім басқармасының Түркия Республикасының тәуелсіз қызмет көрсететін «Шелале Шеркет» компаниясымен жасасқан келісім шарты негізінде   «Облыстық  №1 қазақ -түрік лицей-интернаты», 1998  жылғы 23 қаңтардағы облыс әкімінің № 1-14- шешімімен   «Дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты», 2000 жылғы 5 ақпандағы №2-38- шешімімен «Алматы облыстық мектеп-интернаты мемлекеттік мекемесі» болып өзгертілді.

  Қазақстан   Республикасы үкіметінің  2004 жылғы 19 ақпандағы №195- қаулысымен мектеп-интернатқа Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы, академик  Шалтай Смағұловтың есімі берілді.

2013 жылғы 21 тамыздағы Алматы облысы Әкімдігінің №240 қаулысы бойынша «Алматы облыстық Ш.Смағұлов атындағы  дарынды балаларға арналған мамандандырылған  физика-математика орта мектеп –интернаты» болып өзгерді.

Мектеп-интернаттың негізгі мақсаты – Алматы облысы дарынды балаларының физика, математика, информатика ғылымдары негіздерін тереңірек игеруге бағытталған элиталық білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыру. 

Мақсаттары:

  • тұлғаның шығармашылық, адамгершілік және салауатты өмір сүру негіздерін қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшін жағдайларды жасау арқылы зияткерлік байыту;
  • тұратын орынмен  қамтамасыз етумен дарынды балаларға білім берудің вариативті және көп деңгейлілікті   қамтамасыз ететін жағдайларды жасау;
  •  білім алушының  функционалдық сауаттылығының дамуын, тұлғаның интеллектуалдық, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын, білім мазмұнын саралау, кіріктіру және бейіндеу негізінде болашақ мамандығының бағытын таңдау жағдайын қамтамасыз ету; 
  •  қоғамда өмір сүруге бейімделген, саналы таңдауға және қосымша білім мен кәсіби білім беру бағдарламаларын қабылдауға дайын мәдени жағынан жоғары дамыған зияткерлік тұлғаны қалыптастыру; 
  •  негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының сапалы игерілуін және оқушылардың саралап оқытылуын қамтамасыз ету; 
  • білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу.
  •  азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге,  Қазақстан Республикасының Конституциясы мен  қоғамға қарсы жасалған кез келген әрекеттерге төзбеуге тәрбиелеу;
  •  әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктерін, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпын зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту.

  Мектеп –интернат жалпыға арналған білім берудің оқу және қосымша бағдарламаларын іске асыратын, тұратын орын ұсынумен білім алушыларға оладың икемдіктеріне және қабілеттеріне сәйкес математика –физика бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беру мақсатында   Алматы қаласындағы Әл – Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің математика –механика   бөлімі мен іргелі математика кафедрасымен   бірлесе оқу мен ғылыми әдістемелік жұмыстарды жүргізуде.Сонымен бірге   9-11 сыныптағы оқушылар үшін   арнайы курсты университетте сол университеттің ғалым оқытушылары жүргізеді. 5-11сыныптағы оқушылармен физика, математика пәндерінен тереңдетілген білім беруде келешек олимпиада резервтерін дайындауда екінші ауысымда сабақтар университет мұғалімдерімен бірлесіп жүргізіледі. 


Мекен жайымыз
Алматы қаласы, Бостандық ауданы., Ғабдуллин көшесі, 45

©2016-2022, Ресми сайт Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің "Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru